Ұлттық отбасы күніне орай «Сайрам» тұрғын алабының "Наурыз" саябағында «Дені сау жанұя – дені сау мемлекет» Ұлттық бағдарламасы аясында «Мықты отбасы – мықты мемлекет» ұранымен эстафеталық іс-шара өтті. Ұйымдастырушы - №12 Шымкент қалалық емханасы.
Қатысушылар спорттық сайыстармен қатар ән айту мен билеуден жарысты. Үздіктерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл эстафетаның мақсаты - отбасыларды біріктіру, бір-біріне деген құрметті одан да арттыру.

47 просмотров